«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ЖҮЙЕ ТИІМДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде денсаулық сақтау саласы сандық жүйеге көшірілуде. Электронды кезек, дәрігердің қабылдауына жазылу онлайн режімде жүргізіледі. Енді науқастар үшін аурухана мен емханаға бару қолайлы болмақ. Сондай-ақ, медициналық мекемелерге тіркелу тәртібі де өзгермек.

– Бүгінде емдеу мекемесіне тіркелудің электронды нұсқасын Е-gov арқылы енгізудеміз. Электронды сандық қолтаңбасы бар тұрғындар осы жүйе бойынша тіркеле алады. Бұл негізде жергілікті емханалар өтінімді қарастырып, медициналық мекемеге тіркеуде, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дәуренбек Бейсембаев. 

Мамандардың айтуынша, мұндай тиімді тетіктер қағазбастылықтан арылуға мүмкіндік береді. Ал мемлекет тіркеуге тұрған әрбір науқас үшін жан басына шаққандағы қаржыландыруды жүзеге асыратынын атап өткен жөн. Сондықтан әрбір емдеу мекемесі бұл жүйені жүзеге асыруға мүдделі. Десе де егде жастағы тұрғындар бұл жаңашылдыққа алаңдаулы. Алайда, емханаға тіркелудің ескі нұсқасы алып тасталған жоқ. Сол себепті облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ екенін айтты.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp