Биыл Солтүстік Қазақстан облысында автомобиль жолдарын жөндеуге 37 миллард теңге бағытталды. Бұл 2017 жылғымен салыстырғанда екі есе көп. Мұндай қаражат бұл салаға бұрын-соңды бөлінбеген. Өйткені өңірде жергілікті жолдардың жартысына жуығы сын көтермейді. Ал, жергілікті билік осы мәселені кезең-кезеңмен шешуді жоспарлап отыр.
«Жолдың жағдайын жүрген біледі» демекші, Мамлютка қаласының тұрғыны Илья Ульянов облыс орталығына күніне екі рет қатынайды. Небәрі 40 шақырымды «1,5 сағат дегенде жүріп өтемін», – дейді ол. Ал ойдым-ойдым жол жүргізушінің көлігін ғана емес, жүйкесін де тоздырған. Жол сапасының нашарлығынан көлігі күнде сыныпты. Ол енді жолдың жөнделіп жатқанына қуанышты. Енді жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан асырмау керек деген шектеу алынып таслағанын қалайды.
Қолға алынған ең үлкен жобалардың қатарында «Петропавл – Қорған» және «Тайынша – Чкалова» бағытындағы тас жолдар бар. Екеуі де өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері күрделі жөндеу көрмеген. Сәтін салса, олар келер жылы толықтай пайдалануға берілмек.
Солтүстік Қазақстан облысы елімізде автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы бойынша үшінші орында. Бүгінгі күні олардың 40% жөндеуді қажет етеді. Сондықтан жергілікті билік өкілдері бұл мәселені кезең-кезеңмен шешпек. Мамандар биыл 700 шақырымнан астам жол жөнделетіндігін айтады. Ал оның 587-шақырымы – жергілікті маңызы бар жолдар.
Өңірде 2021 жылға дейін жолдардың 73 пайызының сапасын жақсарту көзделіп отыр. Ол үшін Солтүстік Қазақстан облысын кешенді дамыту бағдарламасы аясында бұл салаға 62 миллиард теңге бағытталмақ.
http://petropavltv.kz