«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СКУТЕР ЖҮРГІЗУШІСІ КӨЗ ЖҰМДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында Осипенко және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алып, 43 жастағы скутер жүргізушісі көз жұмды.

Караванная көшесімен Осипенко көшесіне қарай келе жатқан “Hondafit” маркалы автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан скутермен және Қазақстан Конституциясы көшесінің бойында тұрған “Chevroletaveo” маркалы көлікпен соқтығысты. Аталмыш фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды. 

Биыл облыс жолдарында 50 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, 97 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 11 адам қайтыс болып, 128-і жарақаттанды. Мас күйде рөлге отырған 790 және жылдамдықты асырған бес мыңнан астам жүргізуші жауапқа тартылды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp