Таиланд билігінің ресми хабарлауынша, бүгін Бангкоктың бірнеше ауданында 7 кішігірім жарылыс болды. «Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бірнеше қоғамдық орында, атап айтқанда үкімет ғимараттары кешенінің жанында, қонақ үйлердің бірінің кіреберісінде, метро станциясының жанында, сондай-ақ Бангкок көшелерінің жаяу жүргіншілер аймағында кішігірім жарылыс тіркелді. Зардап шеккендер мен ауыр жарақат алғандар жоқ. Таңертең көшелерді тазалап жатқан жергілікті коммуналдық қызметтің екі қызметкері және бір жолаушы жеңіл жарақат алды», делінген хабарламада. Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.
www.inform.kz