Жыл басынан бері өңір полицейлері тұрғындарға 150 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.
Облыстың құқық қорғау органдарында мемлекеттік қызметтің 32 түрі көрсетіледі. Олардың дені – көші-қон қызметіне тиесілі. Биылғы бірінші жартыжылдықта облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының мамандары 100 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның 1451-і қағаз түрінде, 4255 қызмет баламалы түрде ұсынылды. Баламалы түрде көрсетілетін қызметтердің басым бөлігі сыртқы көші-қон желісіне қатысты болды. Мәселен, еңбекші көшіп-қонушылардың жұмысқа орналасуына рұқсат беру және оны ұзартуға қатысты 1697 қызмет көрсетілді.
Биылдан бастап басқарманың азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімі мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсете бастады. Қаруды сатуға рұқсат беруге қатысты 8 қызмет қана қағаз түрінде көрсетілді. Ал қалған 1785 қызмет “Е-лицензиялау” мемлекеттік деректер базасы арқылы ұсынылды.