90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙ
Есіл ауданындағы Ақтас, Қарағай және Бұлақ ауылдарының құрылғанына биыл 90 жыл толып отыр. Осы атаулы күні ел тұрғындары мен құрметті азаматтары жиналып, дүркіретіп той жасады.
Есіл ауданындағы Ақтас, Қарағай және Бұлақ ауылдарының құрылғанына биыл 90 жыл толып отыр. Осы атаулы күні ел тұрғындары мен құрметті азаматтары жиналып, дүркіретіп той жасады.
Бүгін “Қызылжар” орталық мешітінде мұсылман қауымының Құрбан айт мерекесіне орай имамдардың қатысуымен баспасөз мəслихаты өтті. Биыл 11 тамызда таңғы сағат жетіде Айт намазы оқылып, бұдан соң құрбан шалынады.
Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 6 тамыз күні өңір аумағында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 20 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы ықтимал. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады. Сурет express-k.kz сайтынан алынды.
3 тамыз күні футболдан Бірінші лига командалары арасында он бесінші тур ойындары өтті. “Qyzyljаr” командасы өз алаңында елордалық “Астана-М” клубымен кездесті.
Тауарларды шетелге шығарумен айналысатын солтүстікқазақстандық компаниялар құжаттар рәсімдеуде кездесетін шамадан тыс қағазбастылыққа шағымданып, мәселеге жергілікті кәсіпкерлер палатасының араласуын өтініп отыр.
Бүгінде облыс орталығында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің 174-інде лифтілер ауыстыруды қажет етеді. Ал 4-уінде лифт мүлдем істемейді.
Жыл басынан бері өңірімізде азық-түлік өнімдерінің бағасы 4,8 пайызға қымбаттады. Оның ішінде көкөніс бағасы 5,6 пайызға өскендігі тұрғындардың қалтасына салмақ түсірмей қоймады. Өткен жылмен салыстырғанда пияздың 70 пайызға, сәбіздің 40 пайызға, картоптың 17 пайызға қымбаттауы мемлекет қазынасынан қыруар қаржы бөлінетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру қоры бұл мәселені түбегейлі шеше алмай отырғандығын көрсетті.
“Равная дорога” автомектебінің өкілдері, яғни, мүмкіндігі шектеулі жандар, жүргізуші куәлігін алды. Олар жүргізетін темір тұлпарлар арнайы қондырғымен жабдықталған.
Петропавл қаласындағы Спорт сарайында қазақ күресінен кәсіби спорт клубтары арасында Қазақстан кубогы басталды. Дүбірлі бәсекеде еліміздің жеті облысынан келген кәсіби клубтар шын мықтыны анықтауда. Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов спортшыларға сәттілік тілеп, бұл салада атқарылып жатқан игі істерге тоқталды.
Жыл басынан бері тәртіп сақшылары қару иелері тарапынан жасалған 382 заң бұзушылықты анықтады. Оның сегізі – броконьерлік фактілері.
«Жасыл ел» жастар ұйымының ұйымдастыруымен облыс орталығындағы «Сити Молл» сауда-ойын-сауық орталығында «Шеберлер алаңы» атты шара өтті. Онда түрлі мамандық иелері шеберлік сыныптарын ұйымдастырып, қала жұртшылығының сұрақтарына жауап берді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы көтерілмеуі тиіс. Бұл мәселе “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің отырысында қаралды.
Облыс орталығындағы Крепостная көшесі бойындағы 144-ші үйден өрт шықты.
Жылдағы дәстүр бойынша тамыздың 2-сінде жерлестеріміз әуе десанты әскерлерінің күнін атап өтті. Әуе-десанттық әскерлерде әр жылдары Отан алдындағы борышын өтеген жігіттер бұл күні Петропавл қаласындағы Ағынтай мен Қарасай батырлардың ескерткіші орналасқан алаңда бас қосып, естеліктерімен бөлісті. Осы жерде елімізді жаудан қорғаған аталар рухына да тағзым етіп, «Мәңгілік алау» мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойды.
Қатты дауыл салдарынан Тимирязев аудандық Мәдениет үйінің шатыры құлап, Ақсуат ауылындағы 5 үй, ферма қожалықтарының – 3, элеватордың 1 қоймасы зақымданды. Бұл жайында аудан әкімі Нұрлан Кеңесов «Фейсбуктегі» өзіңнің жеке парақшасында жазды.
Петропавл қаласындағы Спорт сарайында жергілікті “Құлагер” хоккей клубы рудныйлық “Горняк” командасымен жолдастық кездесу өткізді.
Біз газетімізде есімі елімізге белгілі жазушы-журналист, “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жарасбай Сүлейменовтің “Дара жол” атты деректі хикаятын үзбей ұсынып келеміз. Автордың бұл шығармасы жуырда кітап болып басылып шықты.
“Ас ішерде керек, көлік көшерде керек” демекші, қазір адамдардың көбі жаяу жүргеннен гөрі жайлы көлікпен жүйткігенді жөн санайды. Басым бөлігі қоғамдық көліктің көмегіне жүгінеді. Осы орайда көлік инфрақұрылымын дамытпай экономиканы өркендету түгіл, адамдардың күнделікті қарапайым тіршілігін қамтамасыз етудің өзі мүмкін еместігіне көз жеткізуге болады.
Облыстық экономикалық тергеу департаменті жұмысының негізгі бағыттарының бірі – жалған шотфактура беру фактілерін анықтау. Үстіміздегі жылдың сәуір айында облыс аумағында жеті жылдан астам уақыт бойы жалған шотфактура бе-румен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталған болатын. Олардың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілген еді. Заңды белшесінен басқан олардың контрагенттері 2 млрд. теңгеден астам салықты төлеуден жалтарған. Сотқа …
Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Петропавл қаласының бас жоспарына өзгертулер енгізу, бірқатар шағынаудандарды дамыту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.