Петропавл қаласындағы Спорт сарайында жергілікті “Құлагер” хоккей клубы рудныйлық “Горняк” командасымен жолдастық кездесу өткізді.
Ойын тізгінін бірден қолына алған жерлестеріміз белсенді қимылдап, жиі шабуыл жасады. Нәтижесінде кездесудің 9-шы минутында Кирилл Власов қарсыластың қақпасынан саңылау тапты. Бұдан соң “Горняк” хоккейшілері есепті теңестіруге тырысқанымен, онысынан түк шықпады. Керісінше, жерлестеріміз – Родион Жарких пен Федор Хорошев ойынның 50-ші және 55-ші минуттарында рудныйлық Александр Пиманкиннің қақпасына жауапсыз тағы екі шайба салды. Есеп – 3:0. Осылайша, қызылжарлық команда жолдастық кездесудің бірінші күні айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,
“Soltústik Qazaqstan”.