«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР КУӘЛІК АЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Равная дорога” автомектебінің өкілдері, яғни, мүмкіндігі шектеулі жандар, жүргізуші куәлігін алды. Олар жүргізетін темір тұлпарлар арнайы қондырғымен жабдықталған. 

Алайда, жоба жетекшісі Сәлімхан Сәбитовтің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің сұранысы бойынша азаматтардың екі қолы мен бір аяғы жұмыс істеуі қажет. «Өйткені қолмен басқару өте ыңғайлы ойластырылған. Ол тормоз және газ функциясын қатар орындайды», – дейді автомектеп директоры.

Автомектепті тамамдаған 7 адамның төртеуі – мүмкіндігі шектеулі жандар. Солардың бірі Алексей Масловқа қорытынды тестілеуден өту ғана қалыпты. «Өкінішке қарай, менің бойыммен көлік жүргізу мүмкін емес еді. Алайда, осы арнайы жабдықталған көліктердің арқасында менің арманым орындалды. Автомектепті оқығанымды растайтын куәлік алдым. Кейін қорытынды тестілеуден сүрінбей өтетініме сенімдімін», – дейді Алексей.
Ал Екатерина Залецкая болсабала күнінен армандаған көлік жүргізуге рұқсат беретін куәлігін алып отыр.
Жоба жетекішсі Сәлімхан Сәбитов осы бастаманы енді көрші қалаларда да жүзеге асыруды қолға алмақшы.

mtrk.kz

Сурет www.youtube.com  сайтынан алынды. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp