Облыстық экономикалық тергеу департаменті жұмысының негізгі бағыттарының бірі – жалған шотфактура беру фактілерін анықтау. Үстіміздегі жылдың сәуір айында облыс аумағында жеті жылдан астам уақыт бойы жалған шотфактура бе-румен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталған болатын. Олардың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілген еді. Заңды белшесінен басқан олардың контрагенттері 2 млрд. теңгеден астам салықты төлеуден жалтарған.
Сотқа дейінгі тергеу аясында жасалған мәмілелердің жалғандығы анықталып, 14 кәсіпорынды тіркеу және қайта тіркеу заңсыз екені расталды. Бүгінде қылмыстық іс соттың қарауында жатыр.
Сонымен қатар департамент қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары кезінде орындалмаған жұмысқа жалған шот-фактура беретін, мүліктік пайда үшін тауарды түсірумен, қызмет көрсетумен айналысқан топ анықталды. Кәсіпорын оның қаржылық-шаруашылық жұмысына еш қатысы жоқ Ресей федерациясының азаматтарының атына тіркелген. Контрагенттер салық төлемеу арқылы мемлекетке 228 млн. теңге көлемінде шығын келтірді.
Виктория ПИВОВАРОВА,
облыстық экономикалық тергеу департаментінің профилактикалық жұмыс және қадағалау басқармасының басшысы.