«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЙТА ТІРКЕУДІ ҰМЫТПАУ КЕРЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары қару иелері тарапынан жасалған 382 заң бұзушылықты анықтады. Оның сегізі – броконьерлік фактілері.

Заң бұзушылықтардың басым бөлігі қаруды қайта тіркеу мерзімдерін бұзуға қатысты. Облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Болат Жексембиновтың айтуынша, қаруға берілген рұқсаттың мерзімін әр 5 жыл сайын ұзарту қажет. Онда сатып алу кезінде берілген анықтамаларды ұсынып, әрбір қаруға 252,5 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж салығын төлеу қажет. Биылғы шілде айынан бастап бұл құжаттар сигнал беретін қару, көзді жасаурататын және тітіркендіргіш газ бүріккіштерін, спорттық пневматикалық қаруды сатып алған кезде де қажет болады. Анықтамаларды алу тәртібін сатушылар түсіндіруі тиіс.
Қару иелері мекенжайларының ауысқаны туралы тиісті органдарға хабарлауға ұмытып кетіп жатады. Ал егер қару сейфте сақталмаса немесе сақталған сейф талаптарға сай келмесе, заң бұзушылық жойылғанға дейін қару иесінен тәркіленеді. Сейф еденге немесе қабырғаға бекітулі, қабырғасының қалындығы кемінде 3 мм. болуы қажет. Қалада тұратын қару иелері міндетті түрде пультпен басқарылатын күзетке қосылулары тиіс.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp