«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨТКЕН ТАРИХТАН СЫР ТАРТҚАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Біз газетімізде есімі елімізге белгілі жазушы-журналист, “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жарасбай Сүлейменовтің “Дара жол” атты деректі хикаятын үзбей ұсынып келеміз. Автордың бұл шығармасы жуырда кітап болып басылып шықты.

“Дара жол” деп аты айтып тұр­ған­дай, қазақтың арғы-бергі тари­хында небір тар жол, тайғақ кешу­лерден өтіп, сарқылмас қажыр-қай­ратымен, ұлағатты дәстүр-сал­тымен, туған еліне, ұлтына де­ген шынайы махаббатымен, адал қыз­метімен дараланған, жүріп өт­кен жолы кейінгілерге үлгі ретінде ұсынуға лайық әулеттердің аз бол­мағаны мәлім. Алайда, қанкешті тарихымыздың қойнауына сүңгіп кеткен олардың біразын оқырман қауым түгел дерлік біле бермейді. Уақыттың шаңына көміліп, көмескі тартқандары қаншама?
Жоғарыда айтып кеткеніміз­дей, жүріп өткен жолы өнегелі са­налған әулеттердің қатарына өңі­рімізден шыққан Барлыбай Шәу­кер­ұлының ұрпақтарын жатқызуға болады. Сонау патша билігі тұ­сында бір әулеттен шыққан Тәбей, Ите­мір, Қожахмет, Тәшмұхамет, Кү­зембай, Әлти, Сәдуақас, Сейітах­мет Барлыбаевтар ел билеп, хал­қына қамқоршы бола білсе, олар­дың кейінгі ұрпақтары да биліктің барлық буындарында іскерлікпен танылып, жұртшылықтың ықыла­сы мен құрметіне бөленді. Жуық ара­да қолдарыңызға тиетін туған елі­міздің ұшантеңіз тарихының бір тамшысындай ғана бұл кітапқа ұр­пақтар ісіндегі сабақтастық алтын арқау болып өрілген.
“Ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс” болған большевиктер қа­зақтың талай әулетінің шаңыра­ғын ортасына түсіріп, бірін мал-мүл­кінен, енді бірін бала-шағасынан айырмады ма? Сол заманда­ры қазақтың көп әулетінің, ардақ­ты арыстарының тамырына сіл­тен­ген балта бүгінгі жас ұрпақ үшін ертегі сияқты көрінуі мүмкін. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бұл туын­дының орны бөлек.
Бір айта кетерлігі, кітап қазақ және орыс тілдерінде ұсынылып отыр. Сонымен қатар туындыдағы Барлыбай әулетінің шежіресі де көп жайттан хабар береді. Енде­ше, сонау тарихтан сыр суыртпақ­тап, оқырманның алдына біраз жайтты жайып салатын кітаптың оқылымды болары шүбәсіз.

 

Нұргүл ОҚАШЕВА,
“Soltústik Qazaqstan”.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp