«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есіл ауданындағы Ақтас, Қарағай және Бұлақ ауылдарының құрылғанына биыл 90 жыл толып отыр. Осы атаулы күні ел тұрғындары мен құрметті азаматтары жиналып, дүркіретіп той жасады.

– Тамыры терең, тарихы бір Ақтас, Қарағай, Бұлақ халқы 90 жылдың ішінде бай кулакты кәмпескелеу, күшпен колхоздастыру, аштық жылдары, Ұлы Отан соғысы, тың жерлерді игеру сынды басқа да жағдайларды бастан бірге өткізген, – дейді Ақтас ауылының тумасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған.


Туған елдің іргесінде өткен тойды тамашалауға келген жұрттың қарасы да мол. Көрші ауылдар мен аудандардан қонақтар жиналып, жарыс ойындарына белсене атсалысты. Боз кілем үстінде балуандар күрессе, жүзден жүйрік шабандоздар сәйгүліктерінің бағын сынады. Ұлттық бес асық ойыны ойнатылып, өрендер гір тасын көтеріп жарысты.

– Балалық шағым Ақтаста өткен еді. 90 жылдыққа арналған мерейтой ұйымдастырылатынын естігенде қатты қуандым. 65 келі салмақ дәрежесінде қазақ күресінде күш сынасып, 25 балуанның арасынан озат шықтым. Бұған дейін де өткен сайыстардан қалмай келіп жүруші едім. Бірақ бүгінгі той, ерекше қызықты әрі ауқымды өтті, – дейді қазақ күресінен бірінші орынды қанжығасына байлаған спорт шеберіне үміткер Нұрбек Ерәлі.
Іс-шара барысында бірқатар азамат ұжымшарда көп жылдар бойы атқарған адал еңбегі, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp