«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.08.2019

“КӨКШЕТАУ – ПЕТРОПАВЛ” ЖОЛЫ АҚЫЛЫ БОЛАДЫ

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында “ҚазАвтоЖол” Ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Болатбек Айтбаев өңіріміздегі жолдарды жөндеу барысы туралы айтып берді. Көктемгі тексеру жұмыстарының нәтижесінде республикалық маңызға ие автокөлік жолдарының 86 пайызы қанағаттанарлық деңгейде екені анықталған. Ал 14 пайызының жағдайы нашар, – деді Болатбек Қабыланбекұлы. 

“SOLTÚSTІK QAZAQSTANNYŃ” WHATSAPP ЖЕЛІСІ

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, құқық қорғау, кәсіпкерлік, тағы басқа да салалар бойынша шешімі табылмай жүрген мәселелеріңіз, көкейкесті сауалдарыңыз болса, 8-705-463-13-29 нөміріне WHATSAPP желісі арқылы хабарлама жолдай аласыздар. Біз өз кезегімізде оқырмандарымызды толғандырған сауалдарды тиісті органдарға жолдап, олардың жауабын газет бетінде жариялайтын боламыз. Хабарлама мәтіні түсінікті жазылып, оны жолдаушының аты-жөні, мекенжайы толық көрсетілуі қажет. 

ДИҚАНДАР БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРДЫ

Петропавл қаласында “Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде міндетті агрохимиялық шараларды жүргізудің заманауи технологиялары” тақырыбында біліктілік арттыру курстары өтті. Шараның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев қатысты.

ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙГЕН

Берік Меңдібаев – локомотив депосының 6-шы санатты ұстасы. Цехта 25 жылдан астам уақыт жұмыс істейтін ол локомотивтің түрлі қондырғыларына мойын-тірек жасайды. Осылайша, қарапайым еңбегімен жолаушылар мен жүк тасымалдайтын вагондардың қалыпты жұмыс істеуіне өз үлесін қосып жүр.