«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙГЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Берік Меңдібаев – локомотив депосының 6-шы санатты ұстасы. Цехта 25 жылдан астам уақыт жұмыс істейтін ол локомотивтің түрлі қондырғыларына мойын-тірек жасайды. Осылайша, қарапайым еңбегімен жолаушылар мен жүк тасымалдайтын вагондардың қалыпты жұмыс істеуіне өз үлесін қосып жүр.

– Әр мамандықтың өз ауыртпалығы мен артықшылығы болады. Бірақ өзіңе жүктелген істі жауапкершілікпен атқаруың қажет. Мойынтірек жасаған кезде ешқандай кемшілікке жол берілмеуі тиіс. Цехта бұл міндет екі адамға жүктелген. Әріптесім бір жарым жылдан соң зейнет демалысына шығатындықтан, цех басшылығы қасыма бір елгезек жасты іздеуді тапсырды. Мен оған бар білгенімді үйретер едім, – дейді Берік Есенбайұлы.

Берік Меңдібаев сынды тәжірибелі де білікті еңбеккерді цех басшылығы мен ұжым да құрметтейді.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,
“Soltústik Qazaqstan”.

СУРЕТТЕ: Берік Меңдібаев жұмыс үстінде.

Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp