«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.08.2019

ЕРЕЖЕ БҰЗУ ТЫЙЫЛМАЙ ТҰР

Петропавл қаласындағы көшелердің жеті қиылысында жол қозғалысына бақылау жасайтын автоматты жүйе орнатылған. Олар жылдамдықты асыру және қызыл түске өтіп кету сияқты өрескел ереже бұзушылықтарды анықтайды.

ЕКПЕ ЕГУ ЖАЛҒАСАДЫ

Өңірде қызылша ауруының алдын алу мақсатында қыркүйек айында тұрғындарды қосымша иммундау басталады.

ЖОБА АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жезөкшелікке және басқа да қылмыстарға тарту фактілерін болдырмауға бағытталған алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

ЕСІРТКІ-ГРАФФИТИЛЕР ӨШІРІЛУДЕ

Полицейлер ПИК төрағалары және үйлердің жетекшілерімен ауладағы құқықтық тәртіптің жағдайы туралы әңгімелесті. Облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Думан Таев пен қала әкімінің орынбасары Асқар Хабибуллин петропавлдықтарды толғандыратын мәселелермен танысты. Қалалықтарды алаңдататын мәселелердің бірі – жалға тапсырылатын тәуліктік пәтерлер. 

СОТ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Кеше Солтүстік Қазақстан облыстық соты алғашқы жартыжылдықта атқарған жұмысын қорытындылады. Соңғы жылдары «Үлгілі сот», «Түнгі сот», «Отбасылық сот» сияқты жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың бірқатары дау-дамайларды судья алдына дейін жеткізбеуге бағытталған. Мәселен, биыл алғашқы жартыжылдықта азаматтық келіспеушіліктердің 491-і медиаторлардың көмегімен шешіліпті. Сондай-ақ, өңірде билер институты да жаңғырған. Уәлиханов ауданындағы Қулыкөл ауылындағы билер кеңесінің арқасында бір …

СОТ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ Read More »

БАУ-БАҚША ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН МЕҢГЕРУДЕ

Облыс орталығындағы Оқушылар сарайының зертханасында мектеп оқушылары агротехнология саласының қыр-сырын меңгеруде. Олар осы жолы тропикалық балықтар қатарына жататын Ніл тиляпиясын, жеміс-жидек пен сәндік өсімдіктерді өсіруде.

САЯБАҚ АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Кеше қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында Тұңғыш Президент саябағын абаттандыру туралы мәселе қозғалды. Бұл аумаққа түрлі ағаштар отырғызу жоспарланған. Саябақта тұрғындар мен қала қонақтары жиі серуендейтіндіктен, қалалық мәслихат депутаттары аумаққа 70-ке жуық көшет егуді ұсынды.

ЭКСПОРТТЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТАДЫ

Экспорттаушыларға қаржылай және сервистік көмек көрсететін институт өкілдері теріскейлік кәсіпкерлермен жүздесті. Жиында тауарды сыртқы нарыққа жөнелтудің тиімді тұстары мен кәсіпкерлер кезіккен қиындықтар қозғалды.

МЕДИАЦИЯ КҮНІ

Республикалық   медиация күніне орай Достық үйінде ашық есік күні өтті. Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық филиалы  құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік мекемелермен меморандумға қол қойып, жарты жылда атқарған жұмыстарын қорытыланды.

АРЫСТЫҚ БАЛАЛАРҒА КӨМЕК

«Арыстық балаларға» республикалық акциясы аясында өңірімізге күнгейден келіп, демалып жатқан жеткіншектерге түрлі сыйлықтар табысталды.

БАҒДАРШАМ КҮНІ

Тамыздың 5-і – Халықаралық бағдаршам күні. Атаулы күнге орай Петропавл қаласындағы «Алтын бесік» бөбекжай-бақшасында жолда жүру сауаттылығы бойынша балғындар арасында байқау өткізілді.

ҚАУІПСІЗ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі 14 инспектор облыстағы сауықтыру лагерьлерінде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Сонымен бірге, тәртіп сақшылары өзін-өзі ұстау ережелерін  түсіндіріп, құқықтық тақырыпта дәрістер оқуда.

САЗ ӘНІМЕН ТЕРБЕТЕДІ ДАЛАНЫ

Табиғаттың қыр-сырын зерттейтін ғы­лым­­ның түрлері аз емес. Солардың бірі – ор­ни­­тология. Бұл термин ғылымға алғаш рет ХVІ ғасырда енді. Орнитология – құстар­дың да­муын, физиологиясын, жер бетіне та­рaлуын зерттейтін ғылым. Біз бұл мақала­мыз­да бұл саланың біздің елімізде неліктен кен­же қалып отырғанын білуге талпынып көрдік.

ЖҰМБАҒЫ КӨП ЖАЛҒЫЗТАУ

Облыс орталығындағы №21 орта мектептің оқушысы Алина Шверд ұстазы Ерлан Мәкеннің жетекшілігімен «Жалғызтау – киелі жер» тақырыбында жоба әзірлеп, бүгінде бұл еңбек көптеген тарихшылардың қызығушылығын тудыруда. Авторлар киелі жерлер бойынша туристік бағыт құрып, бұл саланы дамыту тетіктерін атап көрсеткен.

АЗАМАТ, АНА ТІЛІНЕН АРЛАНБА!

Алдағы жылы алғашқы санының жарық көргеніне 100 жыл толғалы отырған облыстық “Soltústіk Qazaqstan” газеті әр кез ұлттық мәселелерді кеңінен қозғап, халықтың шын жанашыры ретінде таныла білді. Сарғайған басылым беттерінен тілшілердің қай кезеңде болмасын, тіл, діл, мәдениет және ағартушылық салаға қатысты өзекті тақырыптарға қалам тартып, руханиятты дамытуға өзіндік үлес қосуға талпынғанын көреміз. Бүгін назарларыңызға осыдан алпыс …

АЗАМАТ, АНА ТІЛІНЕН АРЛАНБА! Read More »

АДАЛДЫҢ ЖОЛЫ АШЫҚ

Балалардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру үшін жазғы демалыс кезінде түрлі шаралар ұйымдастырылуда.

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕТІГІ

  Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауында қарапайым заттар экономикасын дамыту міндетін жүктеген болатын. Бүгінде аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ел қазынасынан 600 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл бастама біздің облыста да ерекше маңызға ие.

АРТЫҚШЫЛЫҒЫ МОЛ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕ

Осыдан екі жыл бұрын ел Үкіметі “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын бекітіп, отандық кәсіпорындар сандық технологияға көше бастады. Бұл үдеріс “Петропавл жылу желілері” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ойдағыдай жүзеге асырылуда.

БОЛАШАҚҚА – СЕРПІНДІ ҚАДАМ

Мемлекет басшысы Қасым-Жо­март Тоқаев елдің әлеуетін кө­теруде он маңызды ба­ғытқа баса мән беруді тапсырып, экономи­ка­ның негізгі салаларын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұр­ғындардың табысын арт­тыру, ше­телдік инвестицияларды тарту бо­йынша стратегиялық басымдық­тарды ай­қын­­дады. Ел Президенті атап көрсеткен не­гізгі басымдықтар Айыртау ауданында сәтті жүзеге асырылуда.