«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АДАЛДЫҢ ЖОЛЫ АШЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Балалардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру үшін жазғы демалыс кезінде түрлі шаралар ұйымдастырылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Ернар Баянғазин мен “Qyzyljar – adaldyq alańy” жобалық кеңсесінің мамандары “Достық” балалар сауықтыру лагерінде өткен кезекті шараға қатысты.
Ернар Баянғазин “бармақ басты, көз қыстылыққа” қарсы көзқарасты бала кезден қалыптастырудың маңызына тоқталды. Бұл олардың ақ пен қараны ажыратуларына септігін тигізеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда өскелең ұрпақ адал, әділ және тәртіпті болу үшін білімге ұмтылып, көбірек кітап оқулары керек.
Шара барысында өрендер жиналғандардың назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта дайындаған плакаттарын ұсынды, қойылым көрсетіп, өлеңдер оқыды. Балаларды қызықтырған сұрақтарға жауап берген қонақтар оларға сыйлыққа кітаптар үлестірді.
Жаңа оқу жылынан бастап өңіріміздегі барлық мектептерде, колледждерде және М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де адалдық сыныптарын ашу жоспарланып отыр.

Сәкен ҚҰБЫШЕВ,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp