«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРЫСТЫҚ БАЛАЛАРҒА КӨМЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Арыстық балаларға» республикалық акциясы аясында өңірімізге күнгейден келіп, демалып жатқан жеткіншектерге түрлі сыйлықтар табысталды.

Бүгінде облысымызда Арыстан келген 48 бала демалуда. Олар «Алтын күз» лагеріне жайғасқан. Ата-аналары мен үйінен жырақта жүрген бүлдіршіндерге өңіріміздегі түрлі ұйымдар мен мекекемелер, сондай-ақ, кәсіпкерлер мен меценаттар көңіл бөлуде. «Қызыл   ай» қоғамы облыстық филиалының мамандары оларға түрлі сыйлықтар мен тәттілер үлестірді.
Арыстан балалармен бірге келген тәрбиеші Сұлушаш Жүсіпованың айтуынша, оларды жерлестеріміз жылы қарсы алып, барынша жағдай жасап жатыр екен.
Лагерьде балалар өздерін жайлы сезінуде. Күн сайын көңілді ойындар ойнап, түрлі үйірмелерге қатысады. Бұл жолы олар «Пенальтибол» деп аталатын қызықты ойынға қатысып, сұрмерген атануға тырысып бақты.
Балалар облысымызда 21 тамызға дейін демалады.

http://petropavltv.kz

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp