«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҒДАРШАМ КҮНІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тамыздың 5-і – Халықаралық бағдаршам күні. Атаулы күнге орай Петропавл қаласындағы «Алтын бесік» бөбекжай-бақшасында жолда жүру сауаттылығы бойынша балғындар арасында байқау өткізілді.

«Алтын бесік» бөбекжай бақшасының ауласында жолдың үлгісі бар. Алаң 5 жыл бұрын пайда болған. Нәтижесінде балабақша қабырғасында тәрбие алған бірнеше буын жолда жүру сауатын ашты. 
«Алтын бесік» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Мәдина Дәрібаеваның айтуынша, балабақша әкімшілігі жақында жолда жүру ережесі туралы көмекші оқу құралын шығарғалы отыр. Сол әдістеме арқылы балалар тасжолдар мен темір жол өткелдерінінен дұрыс өту тәртібін де үйренбек. 
Елде алғашқы бағдаршамдар 1938 жылы Алматы қаласында пайда болған. Ал өңірімізде 60-шы жылдардың басында орнатылыпты. Адамның ойлап тапқан жетістігі сан жылдар бойы жол қозғалысын реттеп келеді. Бағдаршам бар жерден жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де еш алаңсыз өтеді.

http://petropavltv.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp