«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКПЕ ЕГУ ЖАЛҒАСАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде қызылша ауруының алдын алу мақсатында қыркүйек айында тұрғындарды қосымша иммундау басталады.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары 20-29 жастағы тұрғындарға екпе егу көзделіп отырғанын айтты. Бүгінде елімізде қызылша ауаруын жұқтырған сырқаттар әлі де кездеседі. Сондықтан дәрігерлер бұл мәселе қосымша иммундау шараларын қолға алуға негіз болғанын алға тартты.
Ал өңірімізде жыл басынан бері 279 тұрғын қызылша жұқтырса, соның ішінде бір жасқа толмаған балалар мен жастар арасында сырқат саны көп. Дәрігерлер қызылша мен қызамық сияқты жіті инфекциялық аурулар ауа тамшылары арқылы адамдарға берілетінін айтты. Ауру асқынса, науқас түрлі қауіпті дертке душар болуы мүмкін. Әсіресе, туабітті қызылша инфекциясынан қауіп зор. Жүктілік кезінде вирустық инфекцияға шалдығу түсік тастау мен баланың сал болып тууына ықпал етеді. Мамандар қызылшаның емі болмағанымен, екпе алып, сақтық шараларын есте ұстауға кеңес береді. 

«Қызылжар-Ақпарат».   

Сурет novostipmr.com сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp