«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЕЖЕ БҰЗУ ТЫЙЫЛМАЙ ТҰР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласындағы көшелердің жеті қиылысында жол қозғалысына бақылау жасайтын автоматты жүйе орнатылған. Олар жылдамдықты асыру және қызыл түске өтіп кету сияқты өрескел ереже бұзушылықтарды анықтайды.

Назарбаев–Интернационал, Жұмабаев–Сүтішев, Жабаев–Партизан және Жабаев–Мүсірепов көшелерінің қиылыстарында орналасқан жүйелер де бағдарланған. Сондай-ақ, Назарбаев–Абай, Жабаев–Интернационал және Астана–Интернационал көшелерінің қиылыстарында орналасқан бейнекамера құралдары тоқтау сызығынан өткендерді тіркейді.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, зияткерлік бейнежүйелердің көмегімен күніне орта есеппен 3-4 заң бұзушылық анықталады. Тәртіп бұзушылықтардың дені Астана-Интернационал көшелерінің қиылысында болады екен. Бұл жерде күніне 8 бұзушылыққа дейін тіркеледі.
Жалпы жыл басынан зияткерлік бейнежүйелер арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1372 дерегі анықталды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp