«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІРТКІ-ГРАФФИТИЛЕР ӨШІРІЛУДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Полицейлер ПИК төрағалары және үйлердің жетекшілерімен ауладағы құқықтық тәртіптің жағдайы туралы әңгімелесті. Облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Думан Таев пен қала әкімінің орынбасары Асқар Хабибуллин петропавлдықтарды толғандыратын мәселелермен танысты. Қалалықтарды алаңдататын мәселелердің бірі – жалға тапсырылатын тәуліктік пәтерлер. 

«Көптеген ПИК қызметтері мен қала тұрғындары үшін тәуліктік пәтерлерді жалға алушылардың түнгі уақытта тыныштықты бұзуы және азаматтарды мазалауы өзекті мәселеге айналып отыр. Үстіміздегі жылдың өзінде ғана «102» пультіне аталған тұлғаларға қатысты 1034 хабарлама келіп түскен. Жеке тұлғалардың демалуларына және тынығуларына кедергі келтіріп, тыныштықты бұзғаны үшін толтырылған әкімшілік материалдардың саны бір мыңнан асады. Бұзақылар айыппұлдарын төлейді, біраз уақыт өткен соң тыныштықты бұзу фактісі бойынша тұрғындардан қайта хабарлама келіп түседі», – дейді полиция майоры Александр Розбах.
Облыс орталығында 13 ПИК өз күштерімен аулаларына бейнебақылау камераларын, подъездеріне 4 802 кодты құлыптар мен домофондар орнатқан.
Үйлердің сырттарындағы есірткі сайттарын жарнамалайтын таңбалар полицейлерді ерекше алаңдатады. Бұл зұлымдықпен белсенді күрестің жүргізіліп жатқанына екінші жыл. Аталған бағыттағы жұмыста, әсіресе, ПИК төрағалары мен үй және подъезд жетекшілерінің көмегі зор. Осындай суреттер жайлы ақпараттар жолдайтын ортақ чат құрылды. Жыл басынан полиция мен жұртшылықтың бірлескен жұмысы арқасында 300-ден астам есірткі-граффити өшіріліп, 100-ден аса есірткі сайттары жабылды.

Облыстық полиция департаментінің
баспасөз қызметі.

 

  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp