«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОБА АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жезөкшелікке және басқа да қылмыстарға тарту фактілерін болдырмауға бағытталған алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

-Біз үшін ақпараттық жұмыстың маңызы зор, – деді облыстық криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Марат Жұмалиев. – Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармамен бірлесіп ұйымдастырылған «Жастар керуені» жобасы жастарды мәжбүрлі еңбек және жыныстық мақсатта пайдалану түрлері туралы ескертуге мүмкіндік берді. «Жастар керуені» аясында облыс аудандарында «Рухани жаңғыру» идеясын насихаттау, жалпыұлттық келісім мен қазақстандық бірегейлікті нығайту мақсатында бірқатар мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен еріктілер бірікті.
Тәртіп сақшылары жоба аясында Қызылжар, Есіл, Айыртау, Ғ. Мүсірепов атындағы, Шал ақын, Тимирязев аудандарында болып, алдын алу жұмыстарын жүргізді. Сексуалдық пайдалануды ескерту ерекше назарға алынды. Тәжірибе көрсеткендей, жеңгетайлықпен айналысатындар облыс аудандарында таныстары арқылы қаржыға мұқтаж немесе оңай олжаға кенелуді көздейтін қыздарды іздеп тауып, оларға тұрақты «жұмыс» ұсынады.
Адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу жұмысын полицейлер тұрақты түрде жүргізеді. Тәртіп сақшылары облыс аумағында орналасқан балалар және жасөспірімдер үйлерінде, шаруа қожалықтарында кездесулер мен әңгімелесулер өткізіп тұрады.

Облыстық полиция департаментінің
баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp