«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰМБАҒЫ КӨП ЖАЛҒЫЗТАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы №21 орта мектептің оқушысы Алина Шверд ұстазы Ерлан Мәкеннің жетекшілігімен «Жалғызтау – киелі жер» тақырыбында жоба әзірлеп, бүгінде бұл еңбек көптеген тарихшылардың қызығушылығын тудыруда. Авторлар киелі жерлер бойынша туристік бағыт құрып, бұл саланы дамыту тетіктерін атап көрсеткен.

Тарих және география пәндері­нің мұғалімі Ерлан Мәкен мен 8-сы­нып оқушысы Алина Шверд өз еңбектерінде Есіл, Айыртау және Тайынша аудандарында орналас­қан киелі жерлерді қамтуға тырыс­қан. Жоба негізінен Қазақстан мен Ресей арасындағы туристік байла­нысты жүзеге асыруға бағыттал­ған. “Өлкетану” пәнін оқу кезінде балалар өңіріміздегі кие­лі жерлер­мен танысты. “Үздік оқу­шылары­мыз­дың бірі Алина Шверд Жалғыз­тауды зерттеу жө­нінде ұсыныс біл­діргенде оны бір­ден қолдадым. Жоба жазушы Сә­бит Мұқановтың “Аққан жұлдыз” романы негізінде жа­зылды. Қа­лам­гер туындысында Шоқан Уәли­хановтың туған жері – Айыр­тау ау­да­нына қарасты Сы­рымбет ауы­лы­мен қатар Жалғыз­тау туралы да біраз деректер кел­тірілген. Ал біз бұл мекеннің бүгінгі жағдайына тоқталуды жөн сана­дық. Табиға­тын сөз етіп, бірқатар экологиялық мә­селелерді кеңірек зерттеуге ты­рыстық”, – дейді Ер­лан Мәкен.
Пе­дагогтың пікірінше, бүгінгі таң­да өңі­ріміздің сакралды геогра­фия­­сына қатысты зерттеу жұмыстары үл­кен сұраныс тудырып отыр. Жыл өткен сайын табиғаты сұлу, ауасы жұпар, суы пайдалы жер­­лерге саяхаттауға, туристік ба­ғыт­тағы жобаларын жүзеге асыру­ға тілек білдіріп отырған шетелдіктер мен инвесторлар қатары қа­лыңдай түскен.
Жоба авторлары алты күннің ішін­де Орлиногор, Сырымбет, Шал­қар, Бұлақ, Озерное және тағы басқа ауылдарды аралап, Жал­ғыз­таудың аумағын зерттеген. Ауыл ақ­сақалдары мен тарихшы­ларының осы маңның киелі жерле­рі туралы аңыз-әңгімелерін жинап, Құл­сары батыр кесенесінде бол­ған.
Туристік бағыттың екінші күні зерттеушілер ежелгі адамның ал­ғаш рет жылқыны қолға үйреткен жері – Ботай, содан соң Айғаным қо­нысы мен Шоқан Уәлихановқа арналған мұражайды аралады. Олар Қарасай мен Ағынтай батыр­лар­дың мемориалдық кешені мен Шал­қар-Имантау демалыс айма­ғында болып, зерттеу жұмыстарына аса қа­жет деректер жинады. Үлкен Тораңғұл көлінің маңында орналас­қан ауылдардың тұр­ғындары да Жалғызтаудың та­рихы ту­ралы біраз мағлұмат берген. “Шал­қар-Имантау көлдеріне апаратын жол­дар­дың бәрі Жалғызтау арқылы өтеді. Шетелден келген демалушы­лардың көбі Орлиный атала­тын шоқының етегінде демалған­ды ұнатады. Жалғызтау атауының шығу тарихы осы шоқымен байла­нысты деп топшылаймыз. Аңыз бо­йынша бұл тауды қарақшылар ме­кендеген. Олар шоқының басында керуендерді аңдумен күн кешкен. Сол себепті де жолаушылар мен жақын маңдағы ауыл тұрғындары шоқыға “Жаман” деп ат қойып, бұл жерді алыстан айналып өтетін бол­ған. Зерттеу жұмысымызды жүр­гі­зу нәтижесінде аталмыш шоқы киелі жерлер тізіміне енгі­зілгелі отыр”, – дейді Ерлан Зәй­төнұлы. Осы орай­да тәлімгер оқу­шысымен бірге ту­ристерге арнап қозғалыс бағытын құрастырған. Алдымен олар бар­лық демалыс орын­дарына жетудің Яндекс кар­тасын жасаған. Тіпті, жол­нұсқа кі­тапшасын құрастырып, онда бұл аралықта қандай көлік­пен жүрген ыңғайлы және қанша мөлшерде жанармай құю керекті­гіне дейін көрсетіп қойған. Жолнұсқада қай жер­де тамақтану және түнеу қауіп­сіз екені де белгіленген. Яндекс кар­та дайын болған кезде авторлар оны туристік сала са­рап­шылары­на жолдапты. “Про­гресс” туристік фирмасы іле жоба авторы Алина Швердке хабарла­сып, Ян­декс картаны біздің об­лыста қол­дану жайлы рұқсатын сұ­раған. Бұдан әрі жоба апробация­дан сәт­ті өтетін болса, онда атал­мыш турис­тік фирма Петропавл – Жалғызтау – Есіл, Айыртау, Та­йын­ша аудандарының киелі жер­лері орна­лас­қан бағытта саяхат жұмыста­рын ұйымдастырмақ.
Жобаны әзірлеу кезінде автор­ларға білім беру саласындағы әдіс­темелік жұмыстар және ақпа­раттық технологиялар орталы­ғының ма­ма­ны Роза Сәркен, про­фессор Бүркіт Аяған, тарих ғылым­дарының кандидаты Сабыр Иб­раев пен та­рихи-мәдени мұралар­ды қорғау және пайдалану жөнін­дегі орталық­тың директоры Рахат Мәм­бетали­нов көп көмек көрсет­кен.
Аталмыш жоба республикалық “Табиғатты аяла” конкурсында ең үздік деп танылса, оның авторы Али­на Шверд “Туған өлкені зерт­теу” аталымында жеңіске жетті.

Гүлбике КУБЕНОВА,
“Soltústіk Qazaqstan”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp