«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕДИАЦИЯ КҮНІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Республикалық   медиация күніне орай Достық үйінде ашық есік күні өтті. Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық филиалы  құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік мекемелермен меморандумға қол қойып, жарты жылда атқарған жұмыстарын қорытыланды.

Сонымен қатар, кәсіби медиаторлар өңір тұрғындарын таңғы сағат 10-нан бастап ашық аспан астында қабылдап, әрқайсысының мәселелері бойынша  кеңес берді. «Медиация туралы» заң  2011 жылы  қабылданып, бүгінгі күні елімізде жүзеге асырылуда. Медиация  –  үшінші бейтарап жақтың өкілдері – медиаторлардың көмегімен  дауласушы тараптардың  өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында шиеленісті жағдайды соттан тыс шешудің бір жолы. Оның негізгі қағидаттары: еріктілік, екі тараптың теңдігі, құпиялылық пен бөгде азаматтардың килікпеуі. Өңіріміздегі кәсіби медаторлардың айтуынша, облысымызда медиатор ұғымы енді  дамып келеді екен. Дегенмен соңғы жылдары медиация білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларында қолданылып жүр.

http://petropavltv.kz

 

  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp