«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОТ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше Солтүстік Қазақстан облыстық соты алғашқы жартыжылдықта атқарған жұмысын қорытындылады. Соңғы жылдары «Үлгілі сот», «Түнгі сот», «Отбасылық сот» сияқты жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың бірқатары дау-дамайларды судья алдына дейін жеткізбеуге бағытталған. Мәселен, биыл алғашқы жартыжылдықта азаматтық келіспеушіліктердің 491-і медиаторлардың көмегімен шешіліпті. Сондай-ақ, өңірде билер институты да жаңғырған. Уәлиханов ауданындағы Қулыкөл ауылындағы билер кеңесінің арқасында бір дау шешілген.

2019 жыл – сот төрелігінің сапасы жылы деп белгіленді. Қазір жауапты қызметке өту біршама қиындай түсті. Содан болар, қазір облысымызда аталған салада 16 орын бос тұр. Кейбір аудандық соттарда төраға да жоқ екен. «Талап күшейді, бірақ қажетті жағдай да жасалуда», – дейді мамандар. Бүгінде судьяларға түсетін жүктемені азайтып, қоғамдық даукестік деңгейін төмендету мақсатында қыруар шаруа атқарылып жатыр. Бұл іске, әсіресе, бітімгерлер белсене қатысуда.
Облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжановтың айтуынша, облыста «Татуласу: сотқа дейін, сотта» қанатқақты жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бірінші инстанциядағы 3 соттың да мақтанарлық нәтижелері бар. Қанатқақты жобаға қатысуға ниет білдірген жандардың 74,5 пайызы екінші тараппен тіл табысыпты. Бұл ретте облыстық соттың көрсеткіші – 14,5 пайыз. Істі бітімгерлікпен аяқтауға бағытталған шараға қатысқандардың сөзінше, медиаторлардың жұмысы көңіл көншітерлік.
«Түнгі сот», әсіресе, жұмысбасты азаматтар үшін қолайлы. Себебі, іс кешкі уақытта қаралады. «Отбасылық сот» пен «Виртуалды сот» жобалары да сәтті іске асырылып жатыр. Енгізілген жаңашылдықтар өз нәтижесін беруде. Биылғы бірінші жартыжылдықта судьяларға түскен арыздардың саны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда екі есеге азайған.
Облыстық соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Владимир Кириленконың айтуынша, ақтаушы үкімдердің саны артып отыр. Егер 2017 жылы мұндай шешім мүлде шығарылмаса, 2018 жылы бір азаматтың ісі тоқтатылды. Ал жарты жылдың ішінде 6 адамның апелляциялық шағымы қаралып, екеуі ақталды. Бірі “Азия” дәмханасының маңында болған төбелеске байланысты.
Бірінші жартыжылдықта облыс соттарында 8847 азаматтық іс қаралыпты. Бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 18 пайызға кем.

 https://mtrk.kz

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp