ЖАРЫС ЖОЛЫНДА – ВЕЛОШАБАНДОЗДАР
Петропавлда республикалық көпкүндік веложарыс бастау алды. Дүбірлі дода жыл сайын Кеңес Одағының чемпионы, спорт шебері Алексей Мартыновичтің құрметіне орай өткізіліп тұрады. Байрақты бәсекеге еліміздің 6 өңірінен 90-ға жуық жас спортшы жиылды.