«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЗАЛЫҚ – ӨЛКЕМІЗДІҢ КӨРКІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданының Большая Малышка ауылында орналасқан “Серебрянный бор” демалыс аймағында “Green Help” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен табиғатты қорғауға бағытталған акция өтті. 

Оған облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, Соколов орман шаруашылығының, жастар ұйымдарының өкілдерінен құралған төрт команда қатысты. Оның мақсаты – орманды және табиғи ескерткіштерді қорғап, оларға күтім жасау.
– Бүгінгі таңда кейбір адамдардың немқұрайдылылығының салдарынан өлкеміздің ормандары және ерекше қорғалатын табиғи аумақтары тұрмыстық қалдықтарға толы. Демалыс аймақтарының көпшілігі де осындай жерлерде орналасқанын айта кету қажет. Бұл орайда әрбір адам табиғат-ананы қадірлеп, оның ластануына жол бермесе, нұр үстіне нұр болар еді, – дейді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Қайролла Теңізов.

Шара барысында қатысушылар құрғақ бұтақтарды жинап, орманды қоқыс қалдықтарынан тазартты. Сонымен қатар олар ормандарда орналасқан бағаналарды сырлап, белгілерді қайтадан қалпына келтірді. Акцияның қорытындысы бойынша 8 қап қоқыс жиналды.

Осы шараға қатысқандардың барлығы да дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp