«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЙЛЫ ҚОНЫС, ЖОҒАРЫ ЕҢБЕКАҚЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Туған ауыл, сен үшін тер төкпедім,
Кешір мені, кеш мені, сен текті елім!
Бір сағыныш мазалап ертелі-кеш,
Жүреді ылғи жанымды өртеп менің”, – деп ақын Қалқаман Сарин жырына арқау еткен­дей, ауылдың қамын ойлау – әрбір азаматтың парызы. Әсіресе, қалада білім алған жастар елді мекендерге барып, жұмысқа орналас­қаны жөн.

Жастар ауылдың болашағы екені сөзсіз. Білімді де жігерлі кейінгі толқын өкілдері тұр­мысы тұралап қалған ауылға жаңа дем бере­ді. Қазіргі таңда елді мекенді түлетемін деген жастарды мемлекет барынша қолдауда. Со­ның жарқын дәлелі – “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы. Өңірімізде бұл бағдарлама ар­қылы ауыл-аймаққа жіберілген жас маман­дар қатары жыл сайын артып келеді. Облыс­тық жастар саясаты мәселелері жөніндегі бас­қар­маның басшысы Ирина Тухватулинаның ай­туын­ша, жыл сайын ауылдық жерлерге 350 жас маман жіберіледі. Соңғы үш жылда бюд­жет­тік кредит алған жастардың үлесі 42 па­йыз­­­ға жеткен. Ал биыл көтермеақының көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке дейін көбей­ді.
Жастарды ауылға тарту Аққайың ауда­нын­да сәтті жүзеге асырылуда. Аудандық бі­лім бөлімінің басшысы Еділ Жәкенов атап өт­кендей, бүгінде мұндағы 22 мектепте 2413 оқу­шы білім алады. Өткен жылы аталмыш бағ­дар­лама бойынша 14 жас маман келіп, білім ордаларына жұмысқа орналасқан. Ауданда әлі де болса мұғалім тапшылығы сезіледі.
Бағдарламаның игілігін көрген жастардың бірі – Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Назерке Ерсайынова.
– Ауылды көркейтуге әрбір жас атсалысуы керек. Мен облыс орталығындағы Мағжан Жұ­мабаев атындағы гуманитарлық колледжде білім алдым. 2016 жылы оқуды тамамдаған соң аталмыш бағдарлама арқылы ауылға кел­дім. Жас маманға деген мемлекет қол­дауы ерекше. Мәселен, маған баспана алу үшін 1 миллион теңге жеңілдетілген несие, 150 мың теңгеден астам көтермеақы берілді. Бүгінде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде білімімді жетіл­дірудемін. Ауыл балаларының сапалы білім алуына өз үлесімді қосу – мен үшін мақтаныш, – дейді жас маман.
Еңбек жолын осыдан үш жыл бұрын Ақ­қа­йың ауданында бастаған жалғыз Назерке ға­на емес. “Дипломмен – ауылға!” бағдарла­ма­сының арқасында Смирново ауылында медбике Айнагүл Мұрзабекова да еңбек етіп жүр. Тұр­ғын үй мен қаржылай қолдауға қол жет­кіз­ген бойжеткен бүгінгі тұрмысына дән риза.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,  “Soltústik Qazaqstan”.
СУРЕТТЕ: жас маман Назерке Ерсайынова.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp