«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨПКЕ ҮЛГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық көрсету – адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі. “Жақсылық еккен алғыс орады” демекші, біздің өңірімізде жас та болса ізгі бастамаларымен қайырымдылық шараларға ұйытқы болып жүрген жастар аз емес. Солардың бірі – Бақдәулет Сапархан.

Ол – республикалық “Харекет” қайырымдылық қорының облысы­мыз­дағы өкілі. Жақында қор ма­ман­дары көмекке мұқтаж петро­павлдыққа баспананың кіл­тін табыстаған болатын. Бұл жолы пәтер кілті тағдыр тәлкегіне төзе білген 4 перзенттің анасы Жанар Мұсабаеваға берілді. Ал былтыр қайырымды жас Шал ақын ауда­нының орталығы – Сергеевка қа­ла­сындағы жалғызбасты әкеге қуа­ныш сыйлап, баспананың кілтін та­быстаған.
– “Харекет” қайырымдылық қоры 2017 жылы Нұр-Сұлтан қала­сында тұрғындардың қолдауымен мұқ­­таж жандарды, жалғызбасты ана­­лар мен мүмкіндігі шектеулі аза­маттарды баспанамен қамтама­сыз ету мақсатында құрылған. Бү­гін­де бұл игі іс еліміздің өзге де қа­лаларында қолға алынуда. Қор­дың көмегімен алғашқы баспана Қарағанды облысына қарасты Сәт­баев қаласында тұратын көпба­лалы отбасына бұйырған еді. Со­дан бері қор мүшелері бір жүз жиырма бір отбасына баспана сыйлап, қуа­нышқа бөледі, – дейді Бақдәулет Сапархан.
“Харекет” қоры жайлы әлеумет­тік желі арқылы хабардар болған ол қолдауға зәру жандарға көмек­те­суді ұйғарған. Биыл зерек жас М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қа­зақстан мемлекеттік универси­те­тін тамамдады. Бірінші курстан бастап жетімдер үйіне барып, ерік­тілермен бірге шағын концерттер ұйымдастырып жүрген ол қайы­рымдылықпен айналысу әрбір адамның борышы дейді.
– Қайырымдылық қоры “1000 тең­геге баспана” атауымен акция өткізіп тұрады. Бұл шара ешкімнің қалтасына салмақ түсірмейді, ниет танытқан адам қордың есепшо­тына бір мың теңге ақша салса бол­ғаны. Қажетті қаржы жиналғаннан кейін қор мүшелері мұқтаж жан­дарға баспана алып береді. Алға қойған мақсатымыз өте көп. Бірне­ше қайырымдылық шарасын өткі­зу жоспарымызда бар, – дейді Бақ­даулет Дәуренбекұлы.

Айжан ҚАЛМЫРЗАЕВА, 

М.Қозыбаев атындағы  СҚМУ-дің студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp