«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҮМКІНДІКТІ МҮЛТ ЖІБЕРМЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жақында “YouТube” бейнехос­тингi­нен белгілі кәсіпкер, еліміз­де­гі алғашқы қазақтілді бизнес жат­­тықтырушылардың бірі Ах­мет­­бек Нұрсиланың шеберлік сы­ныбын көрдім. Бір бай­қағаным, залда отырған жастар оның дәрісін сілтідей ұйып тың­дай қалыпты. “Мен үнемі қазақ ба­лала­рын кәсіпкер болуға шақы­рамын. “Кез келген адам кәсіпкер бола алмайды. Оған ерекше қабі­лет керек” дейтіндер көптеп кезі­геді. Бұл – жансақ пікір. Қазір кіш­кентай баладан “Өскенде кім бо­ла­сың?” деп сұрасаң, “ән­ші бо­ла­мын” деп жауап береді. Ән өне­ріне, сахнаға екінің бірі қол жеткі­зе алмайды. “Егер біреудің қарны ашса, сен оған балық берме, қар­мақ бер” деген тәмсіл бар. Сон­дықтан ел экономикасына пайда әкелетін кәсіппен айналысу қа­жет”, – деді ол.

Шынымен де, қазіргі таңда кә­сіп­керлік – кез келген жас бағын­дыра алатын асу. Елімізде өз ісің­ді ашып, оны өрге домалату үшін барлық жағдай жасалған. Әртүрлі мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп жүрген жастар та­быс­қа кенелуде. Солардың бірі – Жамбыл ауданындағы Преснов­ка ауылының тұрғыны Рустам Абы­лаев. Ол үстіміздегі жылдың көктемінде “Бастау” жобасы бо­йынша білімін жетілдірді. Нәти­же­сінде жобасын сәтті қорғап, 100 айлық есептік көрсеткіш көле­мінде грант алған. Бұл қаражатқа құрал-жабдық сатып алған та­лап­­ты жас бүгіндері тапсырыс бо­йынша әртүрлі жиһаз жасаумен айналысуда.
– Кәсіпкерлік саласына аяқ бас­қаныма көп уақыт өте қойма­са да, өнімдеріме сұраныс артып ке­леді. Ағаштан үйге, кеңсеге және саяжайларға арналған жи­һаз­дар, сондай-ақ, металдан ба­ла­лар алаңына қажетті әткеншек­тер жасаймын. Шикізатты жергі­лікті кәсіпкерлерден сатып ала­мын. Қазіргі таңда тұрғын үйлер­дің аулаларына қоршау жасауды қолға алдым. Жақында Пет­ро­павлда облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен “Қазақстанның үздік тауа­ры – 2019” байқау-көрмесінің өңір­лік кезеңіне қатысып, өнімде­рімді саудаладым. Бұдан бөлек, мұнда бірқатар кәсіпкерлермен тә­жірибе алмасудың мүмкіндігі туды, – деді Рустам Қайыргел­діұлы.
Қазіргі таңда өңір жастары “Жас кәсіпкер” жобасы бойынша оқуда. Ол жұмыссыз, тұрақты та­бысы жоқ 18-29 жас аралығын­дағы қыз-жігіттерге арналған. Об­лыстық кәсіпкерлер палатасы қар­жылай емес қолдау бөлімінің басшысы Рақымбек Зейнул­линнің айтуынша, жоба аясында 355 солтүстікқазақстандықты оқыту жоспарланған. Өзінің биз­нес-жоспарын әзірлеп, сәтті қор­ға­ғандарға мемлекет қаржылай қолдау көрсетеді. Яғни, жоба бар­лық талаптарға сай болса, жас кәсіпкерге 500 мың теңгеге дейін қайтарымсыз грант беріледі. Бұ­дан бөлек, жылдық мөлшерле­месі 6 пайызды құрайтын 8 мың АЕК мөлшерінде жеңілдетілген не­сие алу мүмкіндігі қарастырыл­ған. Жобаның екінші кезеңіне оқу­ға қабылдау үшін тестілеу 13-14 та­мыз күндері өтеді деп жоспар­ла­нуда.

Мұхтар ХАҚНАЗАР.
СУРЕТТЕ: кәсіпкер Рустам Абылаев.
Суретті түсірген  Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp