ОТЫН ӘЗІРЛЕУ ҚЫЗҒАН ШАҚ
Өңір тұрғындарын отынмен қамтамасыз ету үшін жыл сайын 350 текше метр отын қажет.
Өңір тұрғындарын отынмен қамтамасыз ету үшін жыл сайын 350 текше метр отын қажет.
Өңір құтқарушылары Атырау қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан өткен XXVI жазғы ел біріншілігінен жүлделі оралды. Жүлдегерлерді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов құттықтап, Алғыс хат табыстады.
Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 10 тамыз күні өңір аумағында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 20 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы ықтимал.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда дін өкілдері ерекше рөл атқарады. Себебі, имамдар тұрғындар арасында үгіт-насихат, әңгіме жүргізу арқылы қоғам дертінен арылу қажеттігін жеткізеді. Осы мәселе “Qyzyljar – adaldyq alańy” жобасының ұйымдастыруымен өткен диалогтық алаңда талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев қатысты.
Жыл басынан бері облысымызда «Қауіпсіз өнімді таңда» республикалық акциясы жүргізілуде. Шара барысында өңір тұрғындары Петропавл қаласында орналасқан ұлттық сараптама орталығының зертханасында сауда орындарында өздері сатып алған өнімдердің құрамын және сапасын тексере алады.
Мамлют ауданының орталығында тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы қора-қопсында 39 жастағы әйел мен оның үш жасар қызының пышақталған өлі денесі табылды.
Қоғамдық көлік қызметінің сапасын жақсарту мақсатында бүгіннен бастап 4А бағытындағы автобустарға QR-код орнатылды.
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Жер кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Осының арқасында енді халықтың жылжымайтын мүлікке меншік құқығы нығая түсіп, оны қорғау күшейтілді. Заңнамадағы жаңашылдықтарды түсіндіру мақсатында облыстық әділет департаментінде брифинг өткізілді.
Жыл басынан бері қала көшелерінде мас күйде жүрген 7 мыңнан астам адам тіркелген. Ал 2 200-ге жуық тұрғын көпшілік жүретін жерде темекі шеккен. 863 адам белгіленбеген жерде заңсыз сауда жүргізген. Кәмелетке толмағандар арасында да тәртіп бұзғандар бар. Ол бойынша 1,5 мыңнан астам хаттама толтырылған екен. Қазір өңірде “Қауіпсіз аула” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Қазақстан халқының 53 пайызын әйелдер қауымы құрайды. Алайда, статистикалық мәліметтер бойынша, саясатта нәзік жандардың белсенділігі төмен. Мәселен, әйелдердің саяси мәселелерге қатысуы жөнінен Қазақстан әлем бойынша 95-ші орында. Еліміздің әр облысында гендерлік саясатты дамыту мақсатында «БҰҰ – Әйелдер» ұйымының мүшелері тәжірибелік конференция ұйымдастыруда. Осындай жиын кеше Петропавлда өткізілді. Оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев пен ҚР …
Облысымыздың бес ауданында “Жас кәсіпкер” жобасы жүзеге асырыла бастады. Бұл бағдарламаға Айыртау ауданының 40-қа жуық жас азаматы белсене қатысуда.
Әлемнің он елінің журналистері мен блогерлері Алматы қаласының көрікті жерлерімен танысу мақсатында оңтүстік астанаға келді.
Жақында Петропавл қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы саябақта жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден одағының техникалық регламенттеріне жауап бермейтін сүт жергілікті өндеу зауыттарында қабылданбайтын болады. Бұл туралы “Шикі сүттің қауіпсіздігі – ұлт денсаулығының кепілі” тақырыбында өтіп жатқан конференция барысында айтылды.
Облыстық әкімдікте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіруге қатысты жиын өтіп жатыр. Облыстық прокуратура ұйымдастырған шараға облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев, ҚР Бас прокуратурасының өкілі, өңірлік мемлекеттік органдардың басшылары қатысуда.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бірлесіп жүргізген шаралары нәтижесінде Алмазбек Атамбаев ұсталды, деп хабарлайды Кабар агенттігі Қырғызстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрбан айтқа арнайы демалыс күні берілмейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтынан мәлім болды.
ҚР Ғылым және білім министрі Асхат Аймағамбетов оқулық сапасын арттыру бойынша кеңес өткізді.
Солтүстік Қазақстан облысында 62 жастағы ер адам іздестірілуде. Ол 6 тамыз күні балық аулауға кетіп, Қызылжар ауданының Соколовка ауылының маңында жүргенде, хабар үзілген. ТЖД басшысының орынбасары Ерік Сарыбаев 7 тамыз күні іздеу салынғанын жеткізді. Балықшыны іздеуге 30-дан астам құтқарушы, полицей, еріктілер жұмылдырылған.