«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛМАТЫҒА ҚЫЗЫҚҚАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әлемнің он елінің журналистері мен блогерлері Алматы қаласының көрікті жерлерімен танысу мақсатында оңтүстік астанаға келді.

Қазақстанның әсем қаласын таныту және туристерді тарту мақсатында ұйымдастырылған шарада қонақтар көрікті жерлерге экскурсия жасайды. Олардың қатарында Алматы мұражайы, қазақ ұлттық музыкалық аспаптар мұражайы, 28 панфиловшылар атындағы саябақ пен “Шымбұлақ” тау шипажайы бар. Сондай-ақ, саяхатшылар ұлттық тағамдарды әзірлеу бойынша шеберлік сыныптарына қатысып, ұлттық киімдерімізбен суретке түседі.
Үстіміздегі жылдың өткен бес айында Алматыға өзге елдерден саяхат жасап келушілер саны бір жарым есеге артқан. Әсем қаланы 91,3 мың шетел туристері тамашалаған. Осыған орай қаладағы қонақүйлер мен хостелдер қатары 40,5 пайызға артқан.

Kursiv.kz.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp