Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бірлесіп жүргізген шаралары нәтижесінде Алмазбек Атамбаев ұсталды, деп хабарлайды Кабар агенттігі Қырғызстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2019 жылдың 8 тамызында милиция қызметкерлері Қырғыз Республикасының МҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген іс-шаралары нәтижесінде А.Ш.Атамбаев ұсталды», – делінген хабарламада. ІІМ-де атап өткендей, тергеу-жедел іс-шараларын жүргізу кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Ұстау кезінде арнайы операция орнында Қырғыз Республикасының ішкі істер министрі Кашкар Джунушалиев пен оның орынбасары милиция полковнигі Алмаз Орозалиев жетекшілік еткен. ІІМ-де хабарлағандай, Атамбаев Қырғыз Республикасы заңнамасына сәйкес әрі қарай тергеу шараларын жүргізу үшін сәйкес органдарға жеткізілді.
www.inform.kz