Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 10 тамыз күні өңір аумағында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 20 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы ықтимал.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.