Облысымыздың бес ауданында “Жас кәсіпкер” жобасы жүзеге асырыла бастады. Бұл бағдарламаға Айыртау ауданының 40-қа жуық жас азаматы белсене қатысуда.
Кәсіпкерлік саланы меңгеруге құлшыныс танытқан 18 және 29 аралығындағы жастарға 21 күн бойы дәрістер оқылуда. Оқытушылар осы жобаға қатысушыларды
кәсіпкерліктің қыр-сырына үйретуде.
– Дәрістер барысында жастар тапсырмаларды, кейстерді орындайды. Маркетингтік зерттеу барысында олар нарықтың жағдайымен де танысады. Сонымен қатар кәсіпкерліктің қандай түрін ашу және дамыту қажеттігі уралы мол ақпарат жинақтайды, – дейді оқытушы Батырхан Ахметов.
Айта кетерлік жайт, жаңашылдығы мол, заманауи жобалардың авторлары 505 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз несиеге ие бола алады.