«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚАУІПСІЗ АУЛА” ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері қала көшелерінде мас күйде жүрген 7 мыңнан астам адам тіркелген. Ал 2 200-ге жуық тұрғын көпшілік жүретін жерде темекі шеккен. 863 адам белгіленбеген жерде заңсыз сауда жүргізген. Кәмелетке толмағандар арасында да тәртіп бұзғандар бар. Ол бойынша 1,5 мыңнан астам хаттама толтырылған екен. Қазір өңірде “Қауіпсіз аула” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Қоғамдық тыныштықтың сақталуы – кезекшілік атқаратын полицейлер мен әскери қызметшілердің қадағалауында. Олардың басты міндеті – қылмыстар мен құқықбұзушылықтарға жол бермеу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сол себепті, күн сайын бір ауысымда 150-ге жуық адам жұмыс істейді.
Іс-шараның мақсаты – үйлердің аулаларында ұрлықты болдырмау. Учаскелік полицейлер, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар, «Ұлттық ұланның» әскери жасақтары, патрульдік полиция батальонықызметтің күшейтілген түріне көшірілді. Бұл жұмысқа учаскелік полиция инспекторлары пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары мен белсенділерін де тартуда.

mtrk.kz

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp