Облыстық әкімдікте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіруге қатысты жиын өтіп жатыр. Облыстық прокуратура ұйымдастырған шараға облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев, ҚР Бас прокуратурасының өкілі, өңірлік мемлекеттік органдардың басшылары қатысуда.
Өңіріміздегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жайлы облыс прокурорының көмекшісі Юлия Белоног баяндады. Оның айтуынша, 2007-2013 жылдар аралығында ел бойынша жеке және заңды тұлғалардан 19-23 млн. өтініш түсіп отырған. Яғни, ҚР әрбір азаматына бір немесе екі өтініштен келеді. Заңнамаға өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты өтініштер жеке есептелетін болғаннан кейін өтініштер саны біршама азайған.
Толығырақ газетіміздің келесі сандарынан оқи аласыздар.