Мамлют ауданының орталығында тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы қора-қопсында 39 жастағы әйел мен оның үш жасар қызының пышақталған өлі денесі табылды.
Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларының барысында жан түршігерлік қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Мамлют ауданының бұрын сотталған 25 жастағы тұрғынын құрықтады. Күдікті марқұмның танысы екен. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің “Адам өлтіру” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті ауданның уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Кінәсі длелденса, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сурет https://vedtver.ru/ сайтынан алынды.