Өңір тұрғындарын отынмен қамтамасыз ету үшін жыл сайын 350 текше метр отын қажет.
– Бүгінгі таңда облыста 12 орман шаруашылығы және 25 ұзақмерзімді орман пайдаланушы бар. Бұл мемлекеттік мекемелер және кәсіпкерлер солтүстікқазақстандықтарға отын даярлаумен айналысады. Қазіргі уақытта өңіріміздегі ағаш кесу қорының көлемі 492 мың текше метрді құрайды, – дейді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Қайролла Теңізов.
Отынның бағасы әртүрлі болғанымен, биыл оның жетіспеушілігі болмайды деп пайымдайды осы мемлекеттік мекеменің қызметкерлері.
Сурет wikipedia.org сайтынан алынды.