Петропавл қаласындағы Брусиловский көшесінің бойында орналасқан 74-ші үйдің тұрғындары “Халықтық бақылау” порталына хат жолдап, аулаішілік жолды жөндеуді өтінді.
Қала тұрғыны Надежда Лелюхтің айтуынша, бұл жерге асфальт төселмегелі біраз жылдың жүзі болыпты. «Мен сияқты зейнет жасындағы адамдарға осындай жерлермен жүріп-тұру оңай емес. Күз бен көктемде айнала суға толып, саз-балшыққа айналады», дейді ол.
“Халықтық бақылау” порталына шағым жолдаған тұрғындар бірден жауап алыпты. Бірақ, тұрғындардың бұйымтайына мәселе тек іс жүзінде қашан орындалатыны туралы ғана жауап келген. Қалалық әкімдік өкілдері аталған мәселелер көп ұзамай өз шешімін табады деді.
Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтолланың айтуынша, Брусиловский 74 мекенжайындағы ауланы асфальттау жұмыстары тамыз айының соңында атқарылады.
https://mtrk.kz
Сурет https://qzmedia.kz сайтынан алынды.