Облыс орталығында өрендер арасында велоспорттан КСРО-ның спорт шебері Алексей Мартыновичті еске алуға арналған республикалық көпкүндік жарыс өзінің мәресіне жетті. Оған еліміздің әр өңірінен келген 90-ға жуық спортшы қатысты.
28-ші мәрте өткізіліп отырған доданың қорытындысы бойынша бірінші орын Батыс Қазақстан облысының командасына бұйырды. Нұр-Сұлтан қаласының өрендері екінші орында болса, жерлес велошабандоздарымыз үшінші орынға ие болды.