«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«ДАЛА КҮНІ» ӨТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Аққайың ауданындағы “Дайындық – Агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тәжірибе алаңында «Дала күні» өтті.

Шараға қатысушылар өңірде топырақты тыңайту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласының өкілдері минералды тыңайтқыштардың дақылдардың шығымдылығына қалайша әсер ететінін тексерді.

Биылдан бастап “BAYDALA” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары Қостанай, Павлодар алқаптарында топырақ пен өсімдіктің құнарын арттыру бойынша тәжірибе жүргізуде. Олардың айтуынша, Аққайың ауданында азот және фосфордың мөлшері төмен.
– Көктемгі дала жұмыстарында ауа райы қолайсыздау болды. Топырақтағы ылғал мөлшерінің есебінен минералды тыңайтқыш жерге және өсімдікке оң әсерін тигізді. Біз бидай, арпа, зығыр, жүгері сынды дақылдарға тәжірибе жасадық. Минералды тыңайтқышты жерге сіңірдік және өсімдіктің сабақтарына шаштық. Ұсынған аммофос, нитроаммофос өнімнің шығымдылық көрсеткішін 1,5-5 центнерге дейін ұлғайтып отыр, – дейді “BAYDALA” ЖШС-і директорының ғылым жөніндегі орынбасары Айбек Төлегенов.
Минералды тыңайтқыштар “Еврохим” компаниясының өнімдері болып табылады. Бұл серіктестік – минералды тыңайтқыш өндіру жөнінен әлемдегі ондыққа енетін компаниялардың бірі. Болашақта елімізде осы тыңайтқыштарды өндіретін зауыт ашуды жоспарлап отыр.

http://petropavltv.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp