Петропавл қаласында футбол орталықтары мен академиялар арасында ел біріншілігі аяқталды. Алты күнге жалғасқан сайысқа 2002 жылы туған жасөспірімдерден жасақталған 8 команда қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша “Kairat” клубы жеңімпаз атанды. “Оңтүстік” академиясы екінші болса, “Астана” клубы үздік үштікті түйіндеді. Солтүстікқазақстандық ұжым алтыншы орынға табан тіреді. Жасыл алаңға алты рет шыққан жерлестеріміз екі рет жеңіске жетсе, бір ойынды тең аяқтады.
Сонымен қатар, “Үздік ойыншы”, Үздік шабуылшы” және “Үздік қақпашы” аталымдары бойынша үздіктер анықталды. Төрешілердің шешімімен “Qyzyljar” футбол орталығының өкілі Алмас Ысмайылов біріншіліктің “Үздік шабуылшысы” атанды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және грамоталармен марапатталды.
https://mtrk.kz
Сурет https://www.mk.ru сайтынан алынды.