Қазір Петропавл қаласындағы Жамбыл Жабаев көшесінің бір бөлігіндегі қозғалысқа шектеу қойылған. Учаскеде қызу жұмыс жүргізіліп жатыр. Мұнда 1-ші және 3-ші жылу магистральдерін қосатын трасса салынуда. Жобаның құны 3 млрд. теңгені құрайды.
Жамбыл Жабаев пен Крепостная көшелерінің қиылысында салынып жатқан тарсса бүгінде құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан «Береке-2» шағын ауданы мен шаһар орталығындағы нысандар мен баспаналарға қызмет көрсетеді. Бұл жұмысқа «Петропавловскспецкоммунстрой» серіктестігі жауапты. Іске бригада 2018 жылдың қыркүйегінде кірісіпті. Осы уақыт ішінде жоспардың 70 пайызы орындалған. Яғни, құбыр желілерінің 7 шақырымы тартылған. Жұмысқа 20-дан астам техника мен 60-қа жуық адам жұмылдырылған.
«Петропавловскспецкоммунстрой» ЖШС директоры Евгений Дзюбенконың айтуынша, жұмысты жүргізу барысында біршама қиындықтар орын алыпты. «Бізге берілген жобаға бірнеше аумақ кірмей қалыпты. Сондықтан, үстіміздегі жылдың басында жоспарды өзгертуге тура келді. Жылу магистралінің бойында 6 тұрғын үй тұр. Қазір баспаналарды сүру бойынша шаруаны бастап кеттік. 2 отбасын көшіру ғана қалды. Кейін істі жалғастыратын боламыз», деп түсіндірді серіктестік директоры.
Салынып жатқан құбырлар болаттан жасалған. Оны мердігер Ресейден арнайы алдыртыпты.
Петропавл қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің инспекторы Руфия Мустафинаның айтуынша, «Петропавловскспецкоммунстрой» серіктестігі атқарылған жұмысқа екі жылға дейін кепілдеме береді. Яғни, кем-кетік тұстары анықталса, оны өз қаржысына жөндеуге міндеттеледі. Мердігерлер ауқымды жұмысты қараша айына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
mtrk.kz
Сурет http://ru.teplowiki.org сайтынан алынды.