«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰРАЖАЙҒА САЯХАТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Рухани жаңғыру” бағдарламасындағы міндеттерді іске асыру және балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Тайынша ауданындағы Келлеровка орта мектебінің оқушылары облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешеніне және Петропавл ботаникалық бағына экскурсия жасады. Оның барысында оқушылар өлкеміздің тарихымен жақынырақ танысып, мұражай қызметкерлерінің құнды деректеріне құлақ түрді.

Әсіресе, жеткіншектер облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы археологиялық зерттеулер негізінде табылған жәдігерлерге қызығушылық танытты. Қазақ халқының этнографиясы мен қазақ мемлекетiнiң құрылу тарихы көрсетiлген залдардағы ақпараттар арқылы балалар еліміздің тәуелсiздiк жылдарындағы даму кезеңдерін біліп, білімдерін толықтырды. Сондай-ақ, олар “Қазақстан: бейбітшілік, руханият және келісім аумағы» атты залда Конституциямыз бен Ассамблеямыз жайлы құжаттар мен суреттерге көз тікті. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевқа арналған аумақта оның жеке заттары мен құжаттары, шетел мемлекеттерінің басшылары мен үкіметтері берген сыйлықтары, жеке мұрағаттағы суреттері орын тепкен.
Ал “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінің қызметкерлері балаларға атақты қолбасшының балалық пен жастық шағы, мемлекеттік қайраткер ретіндегі танылу кезеңі туралы айтып берді. Оқушылар Абылай ханның мүсініне, мөр-жүзігіне, төске тағатын әшекейлері мен қару-жарақ үлгілеріне қатты қызықты. Мұражай қызметкерлері Абылай ханды дарынды саясатшы, әрі мықты елші ретінде бейнелеуге тырысты.
1912 жылы құрылған ботаникалық бақта 2 мың экзотикалық өсімдік өседі екен. Мектеп оқушылары 200 жылдық құрма пальмасының жанында суретке түсіп, өзге де өсімдіктердің шығу тарихымен танысып, мәз-мейрам болды.

                                                            

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp