Футболдан Бірінші лига командалары арасында он алтыншы тур ойындары өтті. “Qyzyljаr” командасы өз алаңында Оралдың “Ақжайық” футбол клубымен кездесті.
Матч барысында екі командада да есеп ашатын төрт мүмкіндік болған. Жалпы 7 бұрыштама беріліп, қақпаға 25 соққы жасалды. Дегенмен, қос клуб өкілдері де мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады. Осылайша, жергілікті команда 0:0 есебімен тең түсіп, турнир кестесіндегі орнын сақтап қалды.
Кезекті турдың қорытындысы төмендегідей: “Астана-М” – “Қыран” 6:1, “Каспий” – “Алтай” 1:0, “Байқоңыр” – “Шахтер-Болат” 1:0, “Мақтаарал” – “Оңтүстік” 2:1, “Жетісу-Б” – “Ақтөбе-Жас” 1:0, “Қайрат-Жастар” – “Екібастұз” 0:0.
Бүгінгі таңда қоржынында 32 ұпайы бар петропавлдықтар үшінші орында тұр. 38 ұпайы бар “Алтай” көш басында болса, одан төрт ұпай кем жинаған “Каспий” командасы екінші келеді.
17 тамызда жерлестеріміз біріншіліктің көш соңында келе жатқан “Ақтөбе-Жас” футбол клубымен кездеседі.
Сурет https://fit.uz сайтынан алынды.