Өткен жылы облысқа 58 маман келсе, биыл өңірге 170 дәрігерді тарту көзделмек. Алдымен, кадр тапшылығы аудандар мен ауылдарда жойылмақ. Ол үшін әр дәрігерге бір жарым миллион теңге шамасында көтермеақы қарастырылған.
Сонымен қатар, осы жылы аудандарға жас мамандарды тарту мақсатында тұрғын үй мәселесі де шешімін таппақ.
Биыл алғаш рет, облыс әкімінің тапсырмасымен 78 маман резидентурада, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларында білім алмақ.
Жергілікті емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуына бөлінетін қаржының үш есе артқанын да атап өткен жөн. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, медициналық кешендерді заманауи құралдармен жабдықтау үшін үш милилард теңге бөлінген. Емдеу мекемелері жаңа цифрлы маммограф, флюромобиль мен басқа да көптеген аппараттармен қамтамасыз етілуде. Барлық ауруханаларда электрондық кезектер енгізілуде.