«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 13.08.2019

ҮМІТ ОТЫ ӨШПЕЙДІ

Қызылжар ауданындағы Бескөл аулының тұрғыны Оксана Истоминаның қызына көмек қажет. Бір жарым жастағы бүлдіршіннің жұлынынан дәрігерлер ақау тапқан. Дегенмен ақхалаттылар кішкентай науқас аурудан айығып кетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Дүние есігін ашқалы бері Мария түрлі сынақтан өтті. Кішкентай болса да, ауруға қарсы тұрған қайратты қыз анасының ерік-жігерінен қуат алады. 

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

Петропавл қаласының кейбір автобустарында SMS арқылы төлем жасауға болады. Ол үшін қоғамдық көлікті пайдаланушылар өздерінің ұялы телефондарына «Homebank» қосымшасын жүктеуі қажет. Содан кейін мұндағы QR-кодты сканерлеу немесе 2505 нөміріне қысқа хабарлама жіберу керек.

ЕҢ АЗ ЖАЛАҚЫ – УӘЛИХАНОВ пен ШАЛ АҚЫН АУДАНДАРЫНДА

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төарағалығымен өткен әкімдіктің кезекті отырысында облыстың өткен жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуы талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереевтің айтуынша, өңірдің дамуында оң үрдіс байқалады. Әр салада өсім болғанымен, “әттеген-ай” дейтін тұстар да бар. Әсіресе, машина жасау саласындағы түйінді мәселелер өңірдің дамуына тұсау болмаса да, табысын азайтып …

ЕҢ АЗ ЖАЛАҚЫ – УӘЛИХАНОВ пен ШАЛ АҚЫН АУДАНДАРЫНДА Read More »

ЕКІ САЙТТЫҢ БІРІ ЖАБЫЛАДЫ

«Қазақстан темір жолы» ҰК» ұлттық тасымалдаушы хабарлағандай, bilet.railways.kz мен epay.railways.kz электрондық теміржол билеттерін рәсімдеу бойынша бір-бірін қайталайтын екі сайттың тек біреуі ғана қалады.  2019 жылдың 25 қыркүйегінен epay.railways.kz сайты жабылады. Ал 1 тамыздан бастап сайттың жабылуына дайындыққа байланысты пайдаланушыларды тіркеу және электрондық теміржол билеттерін сату тоқтатылды.

ОҚУЛЫҚТЫҢ ОРНЫНА – ПЛАНШЕТ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қағаз оқулықтардың орнына электронды оқулық пайдалану үшін оқушыларға мектепте планшет немесе ноутбук қолдануға рұқсат етілетінін айтты. «Қағаз оқулықтар қолданыста бола береді. Барлық балада оқулықтардың қағаз нұсқасы болуы тиіс. Егер ата-ана баласының оқулықтың электронды нұсқасын қолданғанын қаласа, мұндай мүкіндікті береміз. Оны QR-код арқылы жүктеп алуға болады», – деді Білім министрі.

ҚАҢҒЫБАС ИТТЕР ҚАУІПТІ

Облыс орталығында жеке меншік тұрғын үйлер сырылып, орнына жаңа үйлер салынуда. Бір әттеген-айы – жаңа баспанаға қоныс аударған тұрғындар өздерінің иттерін панасыз күйінде қалдырып кетуде.

“ТҰРМЫС” ЖЕДЕЛ АЛДЫН-АЛУ ШАРАСЫ

Облыс полицейлері “Тұрмыс” жедел алдын-алу шарасын өткізуде. Тамыздың 7-сі күні бастау алған республикалық шараның мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастарда қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу.

ФУТБОЛ АЛАҢЫНДА – ПРОКУРОРЛАР

Петропавлда прокурорлар арасында футболдан сайыс өтті. Бұл додаға еліміздің түкпір-түкпірінен жиылған қадағалау органының қызметкерлері қатысты. Олар 4 командаға бөлініп, өзара мықтыны анықтады.

ЕҢБЕК АРДАГЕРІ ВЯЧЕСЛАВ ПАРАЩЕНКО – 80 ЖАСТА

Жерлесіміз, еңбек ардагері Вячеслав Паращенко 80 жасқа толды. Қария өмірінің 50 жылын өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арнаған. Туған күн иесін мерейтойымен бұрынғы әріптестері мен үзеңгілестері құттықтады.

МИТРОПОЛИТ АЛЕКСАНДР ҚҰРБАН АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Астана және Қазақстан мирополиты Александр “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлымен кездесіп, мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. «Бұл мереке мейірімділік пен бақ-берекенің символы саналады. Осы күні ескі өкпе-реніш ұмытылып, мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп, дұға оқылатынын білемін», – деді митрополит Александр.

АЩЫ СУДЫҢ ЗАРДАБЫ

Өңірімізде ішімдікке салынғандар соттың шешімімен мәжбүрлі түрде ем алуға жіберіліп жатыр. Жыл басынан Петропавлдың тәртіп сақшыларына ішімдікке салынған туыстарын емдеуге көмектесуге 100-ге жақын өтініш түскен. 29 жағдайда өтініш берушілер туғандарының «енді арақ ішпеймін» деген сөзіне сеніп, қайтып алған. Алайда, маскүнемдер арасында сөзінде тұратындар саусақпен санарлық. Полицейлердің айтуынша, ерте ме, кеш пе көмек сұраған өтініш қайта …

АЩЫ СУДЫҢ ЗАРДАБЫ Read More »

САПАСЫЗ ОЙЫНШЫҚТАР

Қай дүкенге кір­се­ңіз де, сөрелерде тізілген сан түр­лі ойыншықтарды көресіз. Алайда, “жылтырағанның бәрі алтын емес” демекші, олардың балалардың ден­саулығына зиян тигізбейтініне ешкім кепілдік бере алмайды. Кейбірінің, тіпті, техникалық регламентке сәй­кес келмейтіні тексеріс барысында анықталып жатады.

МҮЛІК ТИІМДІ БАСҚАРЫЛАДЫ

Мемлекеттік меншікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған “Бірыңғай теңгерім ұстаушы” жобасының табысты жүзеге асырылуына облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті өз тарапынан үлесін қосуда.

ҚҰДАЙ АШКӨЗДІКТЕН САҚТАСЫН

Жуырда ауылға бардым. Алтын бесік – ауылдың саф ауасы, самал желі жанға ра­хат сыйлағандай. Дарқан даладай пейілі кең адамда­рын айтсаңшы! Олардың бірқатарымен әңгімелесу ба­рысында тұрғындардың тұрмысының да түзеліп келе жатқанын аңғардым.

ЖАННАНЫҢ ТӘТТІ ТОҚАШТАРЫ

“Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова бір сөзінде: “Қазір еліміздегі шағын және орта бизнес субъектілерінің 50 пайызы әйелдерден тұрады. Бұл көрсеткіш осыдан бір жарым жыл бұрын 31 пайыз еді”, – деген болатын. Демек, елімізде кәсіпкер әйелдердің саны жыл сайын артып келеді. Бизнес саласында табысқа кенеліп, отбасы мен бала тәрбиесін де ақсатпай …

ЖАННАНЫҢ ТӘТТІ ТОҚАШТАРЫ Read More »

ТҰРАННЫҢ ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒАСЫ

Тұрар Рысқұловтың елесімен күресіп келе жатқандар әлі көп. Соның ең бастысы – оның Алаш зиялыларымен байланысы, оларға деген көзқарасы. Тарихшы ғалым Бүркіт Аяған айтпақшы, мәскеулік саясат сол тұстағы қазақ элитасының екіге бөлінуіне себепкер болған. Екі бағыттық ұстанымның бірі Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов бастаған алашордашылар болса, екіншісі Тұрар, Сәкен, Сейітқали Меңдешев сияқты зиялылардың бағыты болды.