«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЩЫ СУДЫҢ ЗАРДАБЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде ішімдікке салынғандар соттың шешімімен мәжбүрлі түрде ем алуға жіберіліп жатыр. Жыл басынан Петропавлдың тәртіп сақшыларына ішімдікке салынған туыстарын емдеуге көмектесуге 100-ге жақын өтініш түскен. 29 жағдайда өтініш берушілер туғандарының «енді арақ ішпеймін» деген сөзіне сеніп, қайтып алған. Алайда, маскүнемдер арасында сөзінде тұратындар саусақпен санарлық. Полицейлердің айтуынша, ерте ме, кеш пе көмек сұраған өтініш қайта түседі екен. 

– Маскүнемдер көп жағдайда арақтан бас тартуға асықпайды. Облыс орталығында жыл басынан тек 17 адам ғана ішімдікке тәуелділіктен құтылу үшін дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Тағы 32 адам наркологиялық орталыққа мәжбүрлі түрде жеткізілді. Ем алған олардың тек екеуі ғана медициналық мекемеге қайта түсті. Яғни, атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесін беріп жатыр. Алайда, қайта ішкілікке салынып кетпеуі үшін адамның ерік-жігері болуы қажет. Сондай-ақ қоршаған ортасы мен достарының да алатын орны маңызды, – дейді облыстық полиция департаментінің  жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлім бастығы Александр Розбах. 
Жыл басынан бері қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін 7174 адам жауапкершілікке тартылған. 141 адам мәжбүрлі түрде ем алуға жіберілсе, тағы 41-іне қатысты соттың шешімі жақында заңды күшіне енбек. 

Сурет https://www.medikforum.ru сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp