Телефон алаяқтары банк карталарының иелерін алдаудың жаңа жолын тапты. Бұл туралы «Российская газета» жазды.
Алаяқ карта иесіне қоңырау шалып, банк қызметкері болып танысады және үйден тыс жерде транзакция жүргізіліп жатқанын айтады. Қылмыскер картаны бұғаттағанын айтып, карта деректерін сұрамайды, бірақ жеке кабинетіне кіріп жүрген құрылғылардың тізімін сұрайды.
Қандай операциялық жүйені пайдаланып жүргенін біліп алып, жаңа қосымша жүктеуді ұсынады. Егер адам келіссе, онда ерікті түрде өзінің смартфонына кіруге рұқсат берді деген сөз. Содан кейін картаны заңсыз пайдаланғанды дәлелдеу қиын болады.
BAQ.KZ